Кітаппен жазғы кездесу
3 маусым күні Шахан к. №8 кітапхана-филиалы әлеуметтік желідегі парақшаларында «Кітаппен жазғы кездесу» атты медиа-шолуды ұсынды. Іс-шараның мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Медиа-шолу барысында кітапханашы оқудың адам өміріндегі маңызы туралы айтып, кітап оқудың ой-өрісті кеңейтіп, тіл байлығын арттыратынын, есте сақтау қабілеті мен шығармашылық ойлауды дамытатынын атап өтті. Сонымен қатар оқырмандарға жазғы демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге көмектесетін көркем шығармалар таныстырылды. Олардың қатарында Е. РонинаныңРонина Е. Местноле время – любовь, Уотсон Д. Почти невеста, Колочкова В. По праву рождения, Кузнецова З. Майское лето, Петерсон Э. Письма моей сестры, Заппиа Ф. Элиза и ее монстры, Сокол Л. Теория поцелуя және басқа да қызықты кітаптар бар.