Шахтинск қаласындағы V аймақтық әдістемелік практикум

25.06.2026 16:20 Администратор библиотеки
Шахтинск қаласындағы V аймақтық әдістемелік практикум

24 маусым күні Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапхана «Кітап оқу мәдениетін дамыту: заманауи тәсілдер мен әдістер» атты V аймақтық әдістемелік практикум қатысушыларын қабылдады. Кездесу аймақтағы кітапхана басшылары мен мамандарының басын қосып, тәжірибе алмасуға және кітап оқу мәдениетін дамытудың заманауи үрдістерін талқылауға арналған тиімді алаңға айналды. Іс-шара Қарағанды облысы мәдениет, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Ғалымжан Өтелбайұлының құттықтау сөзімен ашылды. Күн тәртібінде кітапхана жұмысының жаңа форматтары, әріптестердің жетістіктері, сондай-ақ кітапхана тәжірибесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелері туралы баяндамалар тыңдалды. Өнердің мәдени кеңістікпен қалай үйлесім табатынын көрсеткен «Кітапханадағы арт-кеңістік» көрмесі қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Практикум электронды өлкетану ресурстарын құру мүмкіндіктері мен оқырмандарды тартудың креативті әдістері талқыланған секциялық отырыстармен қорытындыланды. Қатысушылар ұсынылған идеялардың құндылығын жоғары бағалап, мұндай кездесулер кәсіби қоғамдастықты нығайтуға және цифрлық дәуірде кітапханаларды дамытудың жаңа бағыттарын айқындауға ықпал ететінін атап өтті.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР