«Сыбайлас жемқорлық заң тұрғысынан»
Іс-шара барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен мемлекет дамуына тигізетін кері әсері туралы ақпарат берді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, оның түрлері және заң алдындағы жауапкершілік жөнінде түсіндірілді.
Шара аясында «Бұл жемқорлық па?» атты аудиториямен тапсырма ұйымдастырылып, қатысушылар түрлі өмірлік жағдайларды талдау арқылы олардың заңға қайшы немесе заңды әрекет екенін анықтады.
Сондай-ақ «Білімді тексерейік» сауалнамасы өткізіліп, қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.
Жағдаяттық тапсырмалар барысында қатысушылар заңсыз ұсыныстарға қарсы дұрыс әрекет ету жолдарын талқылап, өз ойларын ортаға салды. «Сөйлемді аяқта» ойыны арқылы жастар адалдық, әділдік және азаматтық жауапкершілік туралы пікірлерін білдірді.
Іс-шара нәтижесінде қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияны мен оның құқықтық салдары туралы білімдерін толықтырды. Адалдық пен заңдылық қағидаларын сақтау әрбір азаматтың міндеті екендігі түсіндірілді. Қатысушылар белсенділік танытып, тақырып бойынша өз ойларымен бөлісті.