Домбыра үні – халық үні

03.07.2026 16:26 Администратор библиотеки
Домбыра үні – халық үні

Кітапханада Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра үні – халық үні» атты музыкалық-танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар домбыраның шығу тарихы мен ұлттық мәдениеттегі маңызы туралы мәлімет алып, қызықты деректермен танысты. Домбыраның жасалу жолы мен тарихына арналған танымдық бейнероликтер көрсетіліп, қазақтың әйгілі күйші-композиторлары жайында айтылды. Шараның көркін жас домбырашының әсерлі күй орындауы аша түсті. Кездесу соңында қатысушылар домбыра үні сыйлаған әсерлерімен бөлісіп, ұлттық өнердің құндылығы туралы өз ойларын ортаға салды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР