"Әблахат Есбаевтың ән әлемі" музыка кеші
Кітапханашы Әблахат Есбаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мағлұмат берді. Ұлы сазгердің өмірі мен шығармашылық мұрасына арналған бейнесюжет көрсетілді. Қатысушылар тарапынан композитордың танымал әндері орындау ұсынылды. Оқушылар Әблахат Есбаев туралы өлеңдер оқып, автордың әуендеріне арналған шағын композицияларын талқылады. Қатысушылар сазгердің шығармаларының тәрбиелік мәні, қазақ музыка мәдениетіндегі орны туралы пікір алмасты. Ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыс білдіріп, кеш өз мәресіне жетті.