«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің белгісі»

04.06.2026 15:54 Администратор библиотеки
«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің белгісі»

Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханасында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының қатысушыларына арналған «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің белгісі» атты танымдық сағаты өтті. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылдану тарихын еске түсіріп, олардың жасалуы, авторлары мен маңызы туралы қызықты мәліметтермен танысты. Ақпарат тақырыптық бейнеролик көрсетілімімен және кітап көрмесіне шолумен толықтырылды. Білімді бекіту мақсатында «Кім жылдам?», «Туды құрастыр», «Рәміздерді таны» атты викториналар мен танымдық ойындар ұйымдастырылды. Қатысушылар тапсырмаларды белсенді орындап, сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік рәміздер туралы жақсы білімдерін көрсетті.
Іс-шара жастардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін қалыптастырып, патриоттық сезімдерін нығайтуға ықпал етті.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР