«VR-баттл»

12.06.2026 11:58 Администратор библиотеки
«VR-баттл»

Кітапханада виртуалды шындық технологияларына арналған «VR-баттл» атты қызықты ойын тәжірибесі өтті. Қатысушылар VR-құрылғылардың жұмысымен танысып, олардың мүмкіндіктері туралы мәлімет алып, виртуалды әлемге саяхат жасады. Шара барысында жастар түрлі ойын тапсырмаларын орындап, ептілік, жылдамдық, зейін және шешім қабылдау қабілеттерін сынады. Қатысушылар виртуалды ортада өз күштерін көрсетіп, жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін тәжірибе жүзінде көрді.
Іс-шара көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, жастардың цифрлық технологияларға деген қызығушылығын арттырып, бос уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізуге мүмкіндік берді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР