«Әкеге арналған кітап»

19.06.2026 15:18 Администратор библиотеки
«Әкеге арналған кітап»

Әкелер күніне орай Орталық саябақта кітапхана қызметкерлері «Әкеге арналған кітап» атты акция ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – отбасылық кітап оқуды насихаттау, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін дәріптеу және оқырмандарды кітапхана қорындағы қызықты әдебиеттермен таныстыру. Акция барысында қатысушылар отбасылық оқуға арналған көркем әдебиеттермен, бала тәрбиесі, отбасылық құндылықтар, сондай-ақ бос уақытты тиімді өткізуге арналған кітаптармен танысты. Кітапханашылар әр оқырманға қызығушылығына қарай әдебиеттер ұсынып, кітап оқу мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы туралы әңгімеледі. 
Іс-шараға келгендер өз пікірлерімен бөлісіп, кітапхана ұйымдастыратын осындай акциялардың маңыздылығын атап өтті.
Осындай игі шаралар отбасы мүшелерінің бірге кітап оқу дәстүрін нығайтып, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР