Тәуелділіктің құны
Есірткіге қарсы күрестің халықаралық күніне орай кітапханада «Тәуелділіктің құны» атты танымдық бейнекөрсетілім ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар мен оқырмандардың назарын есірткіге тәуелділіктің қауіпті салдарына аудару, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу. Шара барысында қатысушылар есірткінің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы баяндайтын бейнематериалды тамашалады. Бейнекөрсетілімнен кейін қатысушылармен пікір алмасу ұйымдастырылып, жастардың өз ойларын ортаға салуына мүмкіндік берілді.
Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар жастардың құқықтық және азаматтық жауапкершілігін арттыруға, зиянды әдеттердің алдын алуға және қоғамда салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.