Апта мерзімді басылымдары

27.06.2026 15:34 Администратор библиотеки
Апта мерзімді басылымдары

Орталық саябақта кітапхана қызметкерлері «Апта мерзімді басылымдары» атты ақпараттық шолу өткізді. Келушілер газет-журналдардың жаңа сандарымен танысып, қызықты жарияланымдар, өзекті жаңалықтар және кітапханаға келіп түскен мерзімді басылымдар туралы ақпарат алды. Іс-шара барысында «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда», «Литер», «Индустриальная Караганда» газеттері, сондай-ақ Discovery, «Жұлдыз», «Абай» және басқа да журналдар таныстырылды. Қатысушылар басылымдарды қызығушылықпен қарап, мақалаларды талқылап, кітапханашылардың ұсынымдарын тыңдады. Шолуымызға қатысқан алғысымызды білдіреміз және кітапханаға келіп, жаңа мерзімді басылымдармен танысуға шақырамыз!

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР