Кітапхана ұсынады

18.07.2026 10:07 Администратор библиотеки
Кітапхана ұсынады

Орталық саябақта Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітапхана ұсынады» атты акция өтті. Іс-шара барысында қала тұрғындары мен қонақтары кітапхана қорындағы жаңа кітаптармен, әлемдік және қазақ әдебиетінің үздік туындыларымен, тарихи, психологиялық және танымдық әдебиеттермен танысты. Кітапханашылар әр оқырманның қызығушылығына қарай кітаптар ұсынып, кітапхана қызметтері мен жаңа әдебиеттер туралы ақпарат берді.
Акцияның басты мақсаты – кітап оқуды насихаттау, тұрғындардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру және кітапхананың бай қорын кеңінен таныстыру. Қатысушылар өздеріне ұнаған кітаптарды белгілеп, кітапханаға келуге ниет білдірді.
Кітап – білімнің, рухани байлықтың және шабыттың сарқылмас көзі. Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Сіздерді Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханада күтеміз!

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР