Долинка (Қоңыртөбе): өткеннің ізі сақталған...
Кітапхана қызметкерлері өлкетану жобасы аясында «Долинка (Қоңыртөбе): өткеннің ізі сақталған...» библиографиялық құралының онлайн таныстырылымын өткізді. Онлайн таныстырылым барысында қатысушыларға басылымның дайындалу тарихы, құрылымы мен мазмұны таныстырылып, Долинка кентінің тарихындағы маңызды оқиғалар мен тарихи тұлғалар туралы ақпарат берілді. Аталған басылым өлкетанушыларға, зерттеушілерге, оқушылар мен ұстаздарға, сондай-ақ туған өлкенің тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға пайдалы дереккөз болмақ.