Кітапхананың онлайн қызметтері
Бұқар Жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасының оқу залы қызметкері оқушыларымен кітапхананың ақпараттық ресурстарына толы сайтына шолу жасау арқылы кітапхананың онлайн қызметтері тақырыбында практикум сабағын өткізді.
Аталмыш іс-шарада кітапханашы кітапхана сайтының берер мүмкіншіліктері, тегін және ақылы қызметтері, сайтпен жұмыс жасауды көрсетті. Қатысушы оқушылардың өздеріне де практика жүзінде орындауларына мүмкіндік берді, берілген мүмкіндікті үлкен қызығушылықпен орындай білді, қазіргі таңдағы заманауи технологиялар мен қолдану үрдістерін саралап түсіндіріп айтып өтті.