Махаббатқа бөленген жүректер

02.10.2026 10:39 Администратор библиотеки
Махаббатқа бөленген жүректер

 

1 қазанда Бұқар Жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасында Қарттар күніне орай «Махаббатқа бөленген жүректер» атты тақырыптық әңгіме өтті.
Іс-шараға жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесудің мақсаты — аға буын өкілдеріне деген құрметті қалыптастыру, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, жақын адамдарға көңіл бөлу мен қамқорлықтың маңызын түсіндіру.
Кездесу барысында оқушылар әртүрлі ұрпақтар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері туралы пікір алмасты. Үлкендердің өмірлік тәжірибесі, жастардың аға буыннан үйренері және отбасылық құндылықтардың маңызы жөнінде әңгіме өрбіді.
Тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, олардың мазмұны бойынша пікірталас ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары интерактивті тапсырмаларға қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Кездесу соңында қатысушыларға аға буын өкілдеріне көңіл бөлудің қарапайым жолдары — телефон соғу, жағдайын сұрау, әңгімесін тыңдау және бірге уақыт өткізу туралы ой салынды.
Іс-шара жылы әрі еркін атмосферада өтіп, жастарға ұрпақтар арасындағы өзара түсіністік, құрмет, қамқорлық пен шынайы қарым-қатынастың маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР