AR-магия

06.10.2026 11:23 Администратор библиотеки
AR-магия

6 қазанда Шахтинск қаласының Бұқар жырау атындағы Орталық қалалық кітапханасында VR-көзілдіріктерді пайдалана отырып, жасөспірімдерге арналған «AR-магия» практикалық ойыны өтті. 
Іс-шара барысында қатысушылар толықтырылған (AR) және виртуалды (VR) шынайылықтың айырмашылықтарымен танысып, VR технологияларының жұмыс істеу принциптері мен виртуалды кеңістікті басқару мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.
Практикалық бөлімде жасөспірімдер VR-көзілдіріктерін өздері сынап көріп, әртүрлі виртуалды локацияларға қызықты саяхат жасады.
Іс-шара соңында VR және AR технологияларын білім беру, мәдениет, медицина, туризм, өнер және кітапхана салаларында қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
«AR-магия» ойыны қатысушыларға заманауи цифрлық технологиялармен тәжірибе жасап, виртуалды шынайылықтың танымдық және білім беру мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік берді. 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР