Күзгі қиялдар
Күз — алтын жапырақтар ғана емес, шығармашылыққа шабыт беретін ерекше мезгіл!
Кітапханада «Күзгі қиялдар» атты шығармашылық шеберлік сағаты өтті. Қатысушылар табиғи материалдар мен бояуларды пайдаланып, өз қолдарымен ерекше күзгі жұмыстар жасады. Қыздар күзгі жапырақтардан әдемі «Күз ханшайымын» жасаса, ұлдар бояу мен мақта таяқшалары арқылы ерекше күзгі ағаштардың бейнесін салды. Аз ғана қиял, түрлі түсті бояулар және көтеріңкі көңіл-күй — шығармашылыққа толы тамаша нәтижеге айналды! Бірге шығармашылықпен айналысып, жаңа идеялармен бөлісіп, күзгі көңіл-күйді бірге сезіндік!