Іздеу лабораториясы: сұраныстан кітапқа дейін

08.10.2026 16:08 Администратор библиотеки
Іздеу лабораториясы: сұраныстан кітапқа дейін


Практикалық сабақ барысында қатысушылар ақпараттық сұраныс ұғымымен танысып, жалпы сұранысты нақты сұранысқа айналдыру жолдарын үйренді.
Кітапханашы электронды каталогтың жұмыс істеу принципін түсіндіріп, кітапты авторы, атауы және негізгі сөздер арқылы іздеу тәсілдерін көрсетті. Қатысушылар каталогпен жұмыс жасап, берілген тақырыптар бойынша қажетті кітаптарды өз беттерінше іздеп тапты.
Практикалық бөлімде «Кітапты тап!», «Іздеу детективі» тапсырмалары орындалды. Қатысушылар кітап туралы берілген мәліметтер мен негізгі сөздерді пайдаланып, қажетті басылымдарды электронды каталогтан анықтады.
Сонымен қатар «Дұрыс па, бұрыс па?» блиц-сұрақтары арқылы кітап іздеу дағдылары бекітілді. Қорытынды кезеңде әр қатысушы өзі қызығатын тақырып бойынша кітап іздеп, табылған әдебиет туралы қысқаша ақпарат берді.
Іс-шара барысында қатысушылар электронды каталогпен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін меңгеріп, ақпараттық сұранысты дұрыс құрастыру және қажетті әдебиетті өз бетінше іздеу дағдыларын жетілдірді. Практикалық тапсырмалар қатысушылардың ақпараттық сауаттылығын арттырып, кітапхана ресурстарын тиімді пайдалануға қызығушылығын қалыптастырды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР