Қазақстан білгірлері

22.10.2026 11:02 Администратор библиотеки
Қазақстан білгірлері

Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасының Республика күніне орай «Қазақстан білгірлері» атты зияткерлік ойын өтті. Іс-шараға 1-курс студенттері қатысып, еліміздің тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері мен жетістіктері туралы білімдерін сынады. Зияткерлік ойын студенттердің білімін тексеріп қана қоймай, туған елінің тарихындағы жаңа деректерді тануға, ұрпақтар сабақтастығын сезінуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге мүмкіндік берді.
Іс-шара соңында белсенді қатысқан студенттерге кітапхана директорының атынан алғыс хаттар табысталды.
Осындай кездесулер жастардың дүниетанымын кеңейтіп, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға, патриоттық сезімін қалыптастырып, туған халқының мұрасына құрметпен қарауға ықпал етеді.
Өз еліңнің тарихын білу — бүгінін бағалап, болашағын қалыптастыру!

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР