Мейірімділік кемесі

22.10.2026 11:39 Администратор библиотеки
Мейірімділік кемесі


«Мейірімділік кемесі» атты әңгіме-ойын. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері «Мейірімділік кемесі» халықаралық акциясы аясында жас оқырмандарға арналған «Мейірімділік кемесі» атты әңгіме-ойын өткізді. Жас оқырмандармен бірге Достық мұхитына саяхат жасап, Валентин Катаевтың, Агния Бартoның, Корней Чуковскийдің және Ханс Кристиан Андерсеннің әсерлі шығармаларын еске түсірдік. Одан әрі балалар қызықты сайыстарға белсене қатысты: мақал-мәтелдерді құрастырды, ертегі кейіпкерлерін таныды, сыпайы сөздер аукционына қатысып, «мейірімділік» сергіту сәтінде бой сергітті. Кездесу соңында балалар «Кеме» атты шығармашылық шеберлік сағатына қатысып, өз қолдарымен қағаздан кемелер жасады. Сонымен қатар оқырмандар назарына «Мейірімді ертегілер мен әңгімелер шеруі» атты әдебиеттерге шолу ұсынылды.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР