Кітап мұқабадан басталады
«Кітап мұқабадан басталады» кітапханалық сабақ. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері бастауыш сынып оқушыларына «Кітап мұқабадан басталады» атты кітапханалық сабақ өткізді. Сабақ барысында балалар кітаптың сыртқы безендірілуіне қарап, әдебиеттерді таңдауды үйренді. Балалар жұмбақтар шешіп, кітаптың негізгі элементтерімен (автор, атауы, иллюстрация, түп, аннотация) танысты. «Кітапханалық детектив» ойынында кітаптың бетін ашпай-ақ, оның жанры мен басты кейіпкерлерін анықтады. Сондай-ақ «Кітаптар елі – ғажайыптар әлемі» атты әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.