Алтын бесігім – Қазақстан
21 қазанда Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалында Н. Тілендиев атындағы музыка мектебінің оқушыларына арналған «Алтын бесігім – Қазақстан» атты білімпаздар турнирі өтті. Кітапханашы мерекенің тарихы туралы әңгімелеп, оқушыларға командаларға бөлінуді ұсынды. Турнир бірнеше тақырыптық бөлімнен тұрды. «Отан тарихы» бөлімінде маңызды даталар, тарихи тұлғалар мен оқиғаларға қатысты викторина сұрақтары қойылды. Оқушыларға «География және мәдениет» бөлімі ерекше ұнады. Бұл бөлімде олар фотосуреттер арқылы Қазақстан қалаларын танып, Қазақстанның жазушылары мен ақындарына арналған сөзжұмбақты шешті. Оқушылар Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы жақсы білімдерін көрсетті. «Рәміздер мен дәстүрлер» бөлімінде олар ерекше белсенділік танытып, сұрақтарға нақты жауап берді. Осы ойынның арқасында оқушылар өз елінің тарихы мен мәдениетін тереңірек танып, бұл мерекенің маңызын сезіне білді.