Код доступа: библиотека

22.10.2026 14:58 Администратор библиотеки
Код доступа: библиотека

Бұқар Жырау атындағы Шахтинск орталық қалалық кітапханасында «Код доступа: библиотека» атты QR-квест өтті! 
Іс-шара барысында қатысушылар заманауи кітапхананың мүмкіндіктерімен танысып, QR-кодтар арқылы қызықты тапсырмаларды орындады. Квест кезеңдерінен өту арқылы кітапхана сайты, электронды каталог және цифрлық ресурстар туралы білімдерін толықтырды.
Тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар ақпаратты іздеу, талдау және тексеру дағдыларын дамытып, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдады. Интерактивті формат әр кезеңді қызықты әрі танымды етіп, кітапхананың цифрлық мүмкіндіктерін жаңа қырынан ашуға жол берді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР