«Мерейтойың құтты болсын, кітап!»
10 маусым күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалы әлеуметтік желілерде С. Михалковтың «Дядя Стёпа» кітабының 90 жылдығына арналған «Мерейтойың құтты болсын, кітап!» атты әдеби бенефисті ұсынды. Кітапханашы жас оқырмандарды балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, көптеген өлеңдердің, ертегілер мен мысалдардың авторы Сергей Михалковтың өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Балалар 1936 жылы алғаш жарық көріп, бірнеше ұрпақтың сүйікті шығармасына айналған «Дядя Стёпа» поэмасының жазылу тарихы туралы білді. Жас оқырмандар шығарманың басты кейіпкері – әрдайым адамдарға көмектесуге дайын, мейірімді, адал әрі әділ алып Дядя Стёпамен танысты. Оның бейнесі батылдықтың, әділдіктің және ізгіліктің үлгісі ретінде сипатталды. Мерейтой иесі кітаппен жақынырақ таныстыру мақсатында балаларға шығармадан үзінді тыңдау ұсынылды. Іс-шара соңында қатысушыларға бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпаған, қызықты әрі тағылымды «Дядя Стёпа» кітабын оқуға кеңес берілді.