Кітап сөресінен экранға

27.06.2026 11:26 Администратор библиотеки
Кітап сөресінен экранға

Кенттің балалар ойын алаңында №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері балаларға желісі бойынша сүйікті мультфильмдері түсірілген кітаптарды таныстырды. Балаларға «Жұмбақ бейне», «Диснейленд», «Смайл-викторина», «Танымал қанатты сөздер» атты байқаулар мен викториналарға қатысу ұсынылды. Олар ертегілердің оқиғаларын, сүйікті мультфильм кейіпкерлерін қызыға еске алып, олардың танымал сөздерін жатқа айтты. Жас оқырмандар өздерінің сүйікті мультфильмдерін тағы бір мәрте еске түсіріп қана қоймай, жазғы демалыста оқуға арналған жаңа әрі қызықты кітаптарды да таңдап алды.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР