«Қауіпсіз жаз»
16 маусым күні Шахан кентіндегі мәдениет үйінің көрермен залында №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері мәдениет үйімен бірлесіп балаларға «Қауіпсіз жаз» атты ойын-сабақ ұйымдастырды. Ойын барысында балалар «Жазғы каникулдағы қауіпсіздік ережелері» атты бейнероликті тамашалады. Білімді тәжірибе жүзінде бекіту үшін «Дәрі қобдишасын жина», «Бағдаршам», «Буйдан әрі жүзбе» және «Қауіпсіздік ережелері» атты интерактивті және қимылды ойындар өткізілді. Сондай-ақ балаларға «Қауіпсіздік: Қадамнан қадамға» атты тақырыптық әдеби шолу дайындалып, танымдық кітаптармен таныстырылды. Кездесу соңында барлық қатысушыларға жазғы демалысты шын мәнінде ғажайып, жарқын әрі ең бастысы бақытты етуге көмектесетін қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылды.