Астана – менің елордам
24 маусым күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері Шахтинск қаласындағы «Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-не барып, «Астана – менің елордам» атты ақпараттық-танымдық сағат ұйымдастырды. Іс-шара Астана күніне арналды. Кітапханашы қатысушыларға еліміз үшін маңызды мереке туралы айтып, Қазақстан астанасының қалыптасу тарихы мен оның даму кезеңдеріндегі маңызды өзгерістерге тоқталды. Бағдарлама барысында «Астана – болашақ қаласы» атты бейнеролик көрсетіліп, елордаға арналған қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттерге шолу жасалды. Сонымен қатар «Астана тарихы» атты викторина өткізілді. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салды. Іс-шара соңында қатысушылар ел тарихына қатысты көптеген жаңа мәлімет алып, жылы әсерде қалды. Кітапханашы мерекемен құттықтап, денсаулық, бейбіт өмір, қуаныш пен амандық тіледі.