«Қиял мен шабыт уақыты»

07.06.2026 15:09 Администратор библиотеки
«Қиял мен шабыт уақыты»

6 маусым күні Шахан кентіндегі №8 кітапхана-филиалында «Қиял мен шабыт уақыты» атты шеберлік сабағы өтті. Іс-шара жас шығармашыл оқырмандардың басын қосып, олардың қиялы мен қолөнерге деген қызығушылығын дамытуға бағытталды. Шеберлік сабағы барысында балалар түрлі түсті қағаздан әсем көбелектер жасап, өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар бөлшектерді қиып, түстерді үйлестіріп, жұмыстарын безендіре отырып, ерекше туындылар дайындады. Сабақ кезінде олар ұсақ моториканы, ұқыптылықты және шығармашылық ойлау дағдыларын дамытты. Іс-шара аясында «Шығармашылыққа баулитын кітаптар» атты әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қолөнер мен шығармашылыққа арналған түрлі басылымдар ұсынылды. Жас оқырмандар жазғы демалыс кезінде жасауға болатын жаңа идеялар мен қызықты жұмыстар туралы мағлұмат алды. Шара соңында қатысушылар жағымды әсерге бөленіп, жаңа дағдылар меңгеріп, өз қолдарымен жасаған әсем көбелектерін естелікке алып қайтты.

 

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР