«Менің елім, менің Туым, менің Елтаңбам»

04.06.2026 16:00 Администратор библиотеки
«Менің елім, менің Туым, менің Елтаңбам»

Долинка кентінің №11 кітапхана-филиалында «Менің елім, менің Туым, менің Елтаңбам» атты патриоттық сағат өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өту аясында ұйымдастырылып, мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге бағытталды. Іс-шара барысында оқырмандар Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихымен танысып, Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның маңызы мен мәні туралы ақпарат алды. Қатысушылар рәміздердің авторлары жайлы қызықты деректермен танысып, өз білімдерін ортаға салды. Шара соңында білімдерін бекіту мақсатында викториналық сұрақтарға жауап берді.

 

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР