«Газет-журналдар әлемі»
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында «Газет-журналдар әлемі» атты баспасөз сағаты өтті. Іс-шараға «Күншуақ» мектеп жанындағы лагерінің тәрбиеленушілері қатысты.Кітапханашы балаларды жас оқырмандарға арналған мерзімді басылымдармен – газет-журналдармен таныстырды. Кездесу барысында балалар талқылауға белсенді қатысып, викторина сұрақтарына жауап берді және балалар журналдарында ұсынылған қызықты тапсырмаларды орындады.