«Кітапханаға қалай баруға болады?»
17 маусым күні №8 кітапхана-филиалының қызметкерлері жаңа оқырмандарды тартуға бағытталған «Кітапханаға қалай баруға болады?» атты акция өткізді. Кітапханашылар кент көшелеріне шығып, тұрғындарға «Кітапханаға қалай баруға болады?» деген сұрақ қойды. Сауалнамаға қатысушылардың басым бөлігі кітапхананың мекенжайын дұрыс көрсетті. Ал жауап беруге қиналған шахандықтарға кітапхана қызметкерлері да ңа әдебиеттер тізімі берілген жадынамалар мен кітапхананың мекенжайы, жұмыс тәртібі, байланыс телефоны және кітапхана бойынша виртуалды экскурсияға апаратын QR-коды көрсетілген визиткаларды таратты. Акция барысында кітапханашылар барлық тұрғындарды кітапханаға келіп, қызықты да танымдық кітаптармен танысуға шақырды.