Жазғы соқпақтар
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері «Күншуақ» мектеп жанындағы жазғы лагеріне барып, «Жазғы соқпақтар» атты ойын-саяхат өткізді. Іс-шара «Сенің есімің» танысу ойыны мен көңілді ұраннан басталып, балалардың бір-бірімен жақынырақ танысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленуіне ықпал етті. Қатысушылар «Көңілді болсаң, осылай жаса!» би ойынына қатысып, «Айболит», «Буратино», «Күлбике» ертегілерінің кейіпкерлері туралы жұмбақтарды шешті. Балалар «Атпен жарыс» эстафетасы мен «Кемеге жет» сайысында ептілік пен жылдамдықтарын сынады. «Гүлдерге толы жазғы себет» атты шеберлік сабағында түрлі-түсті аппликациялар жасап, шығармашылық қабілеттерін танытты. Іс-шара көтеріңкі көңіл күйде аяқталып, балаларға жарқын әсер сыйлап, олардың шығармашылық және танымдық белсенділігін арттырды.