Астана – тарих айнасында

07.07.2026 10:15 Администратор библиотеки
Астана – тарих айнасында

Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасының елордасы – Астананың қалыптасуы мен даму кезеңдеріне арналған «Астана – тарих айнасында» атты тарихи круиз өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар елорданың көрікті әрі тарихи маңызы зор орындарына виртуалды саяхат жасап, қаланың қалыптасу тарихы мен бүгінгі келбеті туралы қызықты мәліметтермен танысты. Кездесу соңында Астананың заманауи келбеті мен қарқынды дамуын бейнелейтін «Уақыттан озған» бейнеролик көрсетілді. Іс-шара қатысушыларға елорданың сәулеттік келбетін жаңа қырынан танып, оның тәуелсіз Қазақстанның жүрегі ретіндегі маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР