Домбыраның сырлы үні
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалының қызметкері Мәдениет үйімен бірлесіп «Домбыраның сырлы үні» атты танымдық сабақ өткізді. Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларға домбыраның шығу тарихы туралы аңызды әңгімелеп берді. Сонымен қатар домбыраның құрылымдық ерекшеліктеріне тоқталып, шанақтың, қақпақтың, тиектің атқаратын қызметін түсіндірді. Домбыра ішектерінің бұрын қойдың ішегінен жасалып, кейін заман талабына сай балық аулау жібінен дайындала бастағаны туралы қызықты мәліметтер айтылды. Қатысушыларға домбыраның жасалу жолы туралы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барысында қатысушылар домбыраны жай ғана музыкалық аспап емес, қазақ халқының тарихы мен рухын сақтаған ұлттық мұра ретінде таныды. Осындай танымдық кездесулер ұлттық мәдениеттің бастауына жақындатып, дәстүрдің бүгінгі қоғамдағы маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.