Кейіпкерді тап
Долинка кентіндегі №11 кітапхана-филиалында мектеп оқушыларына арналған «Шытырман оқиғаларды іздеушілер» атты квест-ойын ұйымдастырылды. Кітапханашы ең қызықты саяхаттардың кеме мен ұшақтан емес, кітаптың алғашқы бетін ашудан басталатынын айтып берді. Оқушылар түрлі сынақтардан өтіп, «Кейіпкерді тап», «Із кесушілер», «Кітап жұмбақтары», «Шытырман оқиғалар шифры» және «Пантомима» ойындарына белсене қатысты. Барлық тапсырманы сәтті орындаған қатысушылар жасырылған кітап қазынасын тапты. Кездесу соңында балалар әрбір жаңа кітаптың өздерін беймәлім әрі қызықты әлемге бастайтын жолға айналуын тілеп, бір-біріне ізгі тілектерін білдірді.