«Ұлы Даланың тарихы» танымдық зияткерлік ойын
Республика күніне орай Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 5-сынып оқушылары үшін №13 балалар кітапханасының қызметкері «Ұлы Даланың тарихы» атты танымдық зияткерлік ойын өткізді. Іс-шара барысында балалар Қазақстанның егемендікке қол жеткізу жолы, мемлекет ретінде дамуы және әртүрлі салалардағы – экономика, мәдениет, білім беру мен халықаралық қатынастардағы жетістіктері туралы мол мағлұмат алды. Ойын элементтері, викториналар мен тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырып, алған білімдерін бекітуге сеп болды. Кездесу оқушыларға көтеріңкі көңіл күй мен тың ақпарат сыйлап, тарихи сананы қалыптастыруға бағытталды.