«Қуғын-сүргін сабақтары: бұл қалай болды» атты тарих сағаты
№13 кітапхана-филиалында «Қуғын-сүргін сабақтары: бұл қалай болды» атты тарих сағаты өткізілді. Іс-шара Карлагтың құрылғанына 95 жыл толуына арналды. Шара барысында оқушылар тұтқындардың ауыр тағдырлары, Қарағанды қаласының салыну тарихы және «Мамочкино зираты» трагедиясы туралы білді. Сондай-ақ «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтынан алынған фотоматериалдар пайдаланылды. Өткен тарих туралы әңгіме балалардың жүрегінде терең әсер қалдырып, еліміздегі бейбітшілікті сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінуге көмектесті. Іс-шара саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған бір минут үнсіздікпен аяқталды.