Менің елімнің рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран
№13 балалар кітапхана-филиалының қызметкерлері барлық ниет білдірушілерді «Менің елімнің рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран» атты online-викторинаға қатысуға шақырады. Online-викторина сұрақтары мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, олардың мағынасы мен қоғам өміріндегі рөлі туралы білімді еске түсіріп, тереңдете түсуге көмектеседі. Оған қатысу – тек білімді тексеру ғана емес, сонымен қатар еліміздің барлық азаматтарын біріктіретін ұлы дәстүрдің бір бөлігі екеніңді сезінудің тамаша мүмкіндігі. Мемлекеттік рәміздеріміз бен мәдени құндылықтарымызды білу бізді күшейтіп, бірлігімізді нығайтады.