«Ертегілер керуені»
Қаладағы мектеп жанындағы лагерьлер тәрбиеленушілері үшін №13 балалар кітапханасы-филиалының қызметкерлері ертегілер туралы білімдерін қайталап, жүйелеуге бағытталған «Ертегілер керуені» атты зияткерлік бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар түрлі байқауларға белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді, өлең түрінде берілген жұмбақтардың шешуін тапты және «Әуенді тап» байқауында әндер арқылы ертегі кейіпкерлерін анықтады. Қатысушылардың ерекше қызығушылығын «Шатасқан ертегілер» тапсырмасы мен шығармалардың бұрмаланған атауларын түзету ойыны тудырды. Сондай-ақ «Көңілді пантомима» ойыны өте қызықты өтті. Бұл сайыста командалар сөз қолданбай, кейіпкерлер мен оқиғаларды қимыл арқылы көрсетіп, өздерінің актерлік қабілеттерін танытты. Шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер сыйлады. Сонымен қатар қатысушылар ертегілердің адамды мейірімділікке, адалдыққа және шынайы достыққа тәрбиелейтінін тағы бір мәрте ұғынды.