Домбыра – қазақ даласының жүрегі

01.07.2026 12:24 Администратор библиотеки
Домбыра – қазақ даласының жүрегі

Оқушылар сарайының жазғы лагеріне қатысушы балаларға №13 балалар кітапхана-филиалының қызметкерлері «Домбыра – қазақ даласының жүрегі» атты музыкалық іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара барысында балалар қазақтың ұлттық аспабы – домбыраның шығу тарихымен танысып, оның пайда болуы туралы көне аңызды тыңдады. Сонымен қатар белгілі қазақстандық күйшілердің орындауындағы әсерлі күйлерді тыңдап, қос ішектің табиғат үнін қалай жеткізе алатынын білді. Алған білімдерін бекіту мақсатында қатысушылар музыкалық жұмбақтарды шешіп, қызықты викториналарға қатысты. Сондай-ақ балалар командалық ойындар ойнап, «Тақия тастамақ» және басқа да ұлттық ойындарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күйде уақыт өткізді. Мереке балалардың қазақ халқының мәдениеті мен ұлттық мұрасын тереңірек танып-білуіне мүмкіндік беріп, оларға жарқын әсер мен қуанышты сәттер сыйлады.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР