Маусымның ең қызықты жаңа кітаптары
«Маусымның ең қызықты жаңа кітаптары» атты ақпарат күні аясында №13 балалар кітапхана-филиалының оқырмандары үшін «Кітапханашы мамандығын байқап көр» атты қызықты дублер-шоу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар кітапханашы жұмысының қыр-сырымен танысты: оқырман формулярларын толтырудан бастап, сөрелерден қажетті кітаптарды іздеуге дейінгі жұмыстарды орындады. Балалар кітаптарды реттеп орналастырып, формулярларды іздеп тауып толтырды, оқырмандардың сұраныстарын орындады. Тапсырмалар оңай болған жоқ, дегенмен барлық қатысушыларға қызықты әрі қуанышты әсер сыйлады.
Кездесу қатысушылар үшін қызықты әрі танымды болды.