Шытырман оқиғалар мен саяхатқа толы күн
Туризм күніне орай №13 балалар кітапхана-филиалында Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушыларына арналған «Шытырман оқиғалар мен саяхатқа толы күн» атты көңілді қарым-қатынас сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар мерекенің тарихымен танысып, географиялық викторинада өз білімдерін сынады. Сондай-ақ «Сөмкеге не аламыз?», «Планета жолдарымен» атты викториналарға қатысып, саяхатқа байланысты жұмбақтарды шешті. Балалардың ерекше қызығушылығын «Кітап саяхатқа шақырады!» атты әдеби ойын тудырды. Ойын барысында оқушылар әдеби шығармалардағы әйгілі саяхатшы кейіпкерлерді еске түсірді. Кездесу «Кедергілері бар батпақ», «Арқанмен өткелден өту», «Құпия жазба» атты көңілді командалық сайыстармен аяқталды. Балалар тапсырмаларды орындау барысында өздерінің ептілігі мен шапшаңдықтарын көрсетті.