Маусымның ең қызықты жаңа кітаптары
№13 балалар кітапхана-филиалында жаңа келіп түскен әдебиеттерге арналған «Маусымның ең қызықты жаңа кітаптары» атты ақпарат күні өтті. Ақпарат күнінің қонақтары кітапхана оқырмандары болды. Іс-шара оқырмандарды оқу үдерісіне қажетті, сондай-ақ олардың жалпы дүниетанымын кеңейтуге ықпал ететін жаңа кітаптармен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Әртүрлі жастағы оқырмандар үшін арнайы кітап шолулары дайындалды: «Жаңа кітаптар шеруі» – орта және жоғары сынып оқушыларына арналған, мектеп бағдарламасына көмектесетін жаңа кітаптарға шолу. «Журналия елі» – кітапхана оқырмандарына қолжетімді жаңа мерзімді басылымдарға шолу. «Жаңа әдебиеттер» – бастауыш сынып оқушыларын жаңа кітаптармен ойын түрінде таныстыру. Іс-шара өте мазмұнды өтіп, оқырмандарға жаңа кітаптармен танысып қана қоймай, өз қызығушылықтарына сәйкес әдебиеттерді таңдап алуға мүмкіндік берді.