Жұлдыздарға қарай
Евней Бөкетов атындағы мектептің үшінші сынып оқушылары №13 балалар кітапханасының бөлімшесіне барды. Олар кітапханашылармен бірлесе отырып, Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуының 35 жылдығына арналған «Жұлдыздарға қарай» атты қызықты саяхатқа шықты. Жас зерттеушілер ғаламның кеңістігін танып-біліп, алыс ғаламшарлар мен ғажап ғарыштық құбылыстар туралы мағлұмат алды. Олар ғарыш туралы білімдерін көрсететін қызықты викториналарға қатысып, тапқырлықты қажет ететін жұмбақтарды шешті, сондай-ақ салмақсыздық жағдайындағы ғарыш сапарына дайындықтарын байқап көру үшін ептілікке арналған көңілді ойындар ойнады.