Бұл жерге балалар дүниенің бар сырын білу үшін келеді
№13 балалар кітапхана-филиалында Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 6-сынып оқушыларына арналған қызықты экскурсия өтті. Жас оқырмандар балалар кітапханасымен үлкен қызығушылықпен танысты. Алдымен оқушылар кітапхананың жұмыс тәртібімен танысып, кітаптарды ұқыпты ұстаудың маңызды ережелерін еске түсірді. Кітапханашылар сөрелердегі кітаптардың орналасу тәртібі туралы танымдық әңгіме жүргізіп, қажетті кітапты әркімнің оңай табуына жағдай жасалғанын түсіндірді. Балаларға түрлі-түсті кітап көрмелері мен тақырыптық әдебиеттер қойылымдары ерекше ұнады. Кездесу соңында жас оқырмандар өздеріне ұнаған журналдар мен ертегілерді қызығушылықпен парақтап, кітапханаға қайта-қайта келуге уәде берді.