Кітаптар патшалығына саяхат
№13 балалар кітапхана-филиалында Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 1 «В» сынып оқушыларына «Кітаптар патшалығына саяхат» атты қызықты театрландырылған экскурсия өтті. Жүргізуші және ертегі кейіпкері Білгіш Гномикпен бірге балалар кітаптарды ұқыпты ұстау ережелерімен танысты. Бірінші сынып оқушылары сергіту ойындарына белсенді қатысып, сүйікті әдеби кейіпкерлері туралы жұмбақтарды шешті және кітапхананың қалай жұмыс істейтінін білді. Балалар кіші жастағы оқырмандарға арналған абонементте және кітап оқып қана қоймай, үстел ойындарын да ойнауға болатын жайлы оқу залында болды. Кездесу соңында оқушылардың кітапханаға жазылу тәртібімен танысып, ата-аналарымен бірге кітапханаға келуге шақырту алды. Іс-шара балаларға көптеген жарқын эмоциялар сыйлап, кітап оқудың ғажайып әлеміне жол ашты.