Жарыққа бастар жол: Ыбырай Алтынсарин тағылымы

07.10.2026 15:20 Администратор библиотеки
Жарыққа бастар жол: Ыбырай Алтынсарин тағылымы

№13 балалар кітапхана-филиалында қазақтың көрнекті ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Жарыққа бастар жол: Ыбырай Алтынсарин тағылымы» атты әдеби қонақжай өтті. Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 6-сынып оқушылары Қазақстандағы халық мектебінің негізін қалаушылардың бірі болған жазушының өмірбаяны және педагогикалық қызметімен танысты. «Шындық па, әлде ойдан шығарылған ба?» атты интерактивті ойын барысында оқушылар ағартушының өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тексерді. Мектеп оқушылары Алтынсариннің тағылымы мол «Таза бұлақ» әңгімесін қызығушылықпен талқылап, тақырыптық викторинаның жұмбақтарын шешті. Ойын тапсырмалары барысында қатысушылар еңбек пен білім туралы халық мақал-мәтелдерін еске түсіріп, өткен ғасырдағы мектеп құрал-жабдықтарының тарихи жиынтығын құрастырды. Іс-шара қызықты әрі танымды өтіп, балаларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР