Кітаптар патшалығына саяхат
Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 1 «А» сынып оқушылары №13 балалар кітапхана-филиалына қонаққа келді! Жүргізуші және көңілді ертегі кейіпкері – Білгіш Гномикпен бірге балалар «Кітаптар патшалығына саяхат» атты қызықты театрландырылған экскурсияға аттанды. Экскурсия барысында балалар көңілді ойындарға белсене қатысып, сүйікті кейіпкерлері туралы жұмбақтарға жауап берді. Кітаптарды қалай дұрыс әрі ұқыпты ұстау керектігі жөніндегі пайдалы кеңестермен танысты. Балалар кіші жастағы оқырмандарға арналған абонементпен және кітап оқып қана қоймай, үстел ойындарын да ойнауға болатын жайлы оқу залымен танысты. Кездесу соңында бірінші сынып оқушылары кітапханаға қалай жазылуға болатынын біліп, ата-аналарымен бірге кітапханаға келуге шақырту алды. Іс-шара балаларға көптеген жарқын эмоциялар сыйлап, олар үшін кітап оқудың ғажайып әлемінің есігін ашты!