Кітап іздеу: кітапты тап

09.10.2026 15:35 Администратор библиотеки
Кітап іздеу: кітапты тап

№13 балалар кітапхана-филиалында Е. Бөкетов атындағы ЖББМ 4-сынып оқушыларына арналған «Кітап іздеу: кітапты тап» атты қызықты кітапханалық квест өтті. 
Балалар кітапхана бойынша үлкен саяхатқа аттанып, кітаптардың ғажайып әлемімен танысты. Олар үлкендер мен кіші жастағы оқырмандарға арналған абонементтердің жұмысымен танысып, ойын түрінде қажетті кітаптарды тауып, электронды және аудиокітаптарды пайдалануды үйренді, ребустар шешіп, өз әсерлерімен бөлісті. 
Квест көңілді, танымды әрі достық жағдайда өтіп, қатысушыларға жарқын эмоциялар мен жаңа білім сыйлады.

 

МАҢЫЗДЫ СІЛТЕМЕЛЕР