Электрондық каталог қандай құпияларды сақтайды
№13 балалар кітапхана-филиалында Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның 6-сынып оқушыларына «Электрондық каталог қандай құпияларды сақтайды?» атты қызықты кітапханалық сабақ өтті. Оқушылар каталогтардың пайда болу тарихымен — Ежелгі Ассириядағы саз тақташалардан бастап қазіргі цифрлық деректер базаларына дейін танысты. Практикалық бөлімде балалар «Шахтинск ОКЖ» КММ ресми сайтындағы электрондық каталогпен танысып, авторы мен кітап атауы бойынша қажетті кітаптарды оңай табуды үйренді. Смартфондар мен компьютерлердің көмегімен қатысушылар шағын топтарға бөлініп, іздеу бойынша тапсырмаларды сәтті орындады. Іс-шара жасөспірімдерге әдебиеттерді енді тез, ыңғайлы және үйден шықпай-ақ іздеуге болатынын түсінуге көмектесті.