«Қызықты экологиялық оқу»
«Қызықты экологиялық оқу» атты дауыстап оқу және шеберлік сағаты. №16 кітапхана-филиалының қызметкерлері Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай мектеп жанындағы лагерь тәрбиеленушілеріне арналған «Қызықты экологиялық оқу» атты дауыстап оқу және шеберлік сағатын өткізді. Шара барысында балалар «Көл қоқыс алаңы ма?» атты ертегіні қызығушылықпен тыңдап, «Иә немесе жоқ» ойынына қатысып, «Құйрықтылар әлемі» викторинасында өз білімдерін сынады және кроссвордтар мен ребустарды шешті. Кітапханашылар табиғатты қорғау және табиғат аясында өзін-өзі ұстау ережелері туралы әңгімелеп, флора мен фаунаның адам өміріндегі маңызына тоқталды және «Ғаламшарымызды көркейтейік» атты шығармашылық шеберлік сабағы өтті. Танымдық әрі қызықты өткен шара қатысушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды